Қарағанды облысында білім саласына арналған атаулы күндер күнтізбесі әзірленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2022 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесін Қарағанды облысының білім басқармасы және оқу-әдістеме орталығы дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында білім саласына арналған атаулы күндер күнтізбесі әзірленді

Күнтізбе тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар қосымша білім беретін мұғалімдерге, колледж оқытушыларына, балабақша тәрбиешілері мен кітапханашыларға жұмыс істеуге көмектесетін ақпараттық-әдістемелік материал түрінде ұсынылған.

Ол үш бөлімнен тұрады: Қазақстан Республикасындағы мерекелер, 2022 жылдың атаулы және естелік күндері, тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдар.

«Облыстық білім басқармасының тапсырмасы бойынша оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері 2022 жылға арналған атаулы және естелік күндердің күнтізбесін жасады. Біз оны білім беру ұйымдарында, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығында балалармен әңгімелесу, мектеп іс-шараларына қатысу, отбасылық оқуды ұйымдастыру үшін пайдалануды ұсынамыз», – деп атап өтті оқу-әдістеме орталығының директоры Бақыткүл Әбдікерова.

Күнтізбеге оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың жасын, сұраныстары мен мүдделерін ескере отырып, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуі мүмкін.