15:26, 31 Наурыз 2015 | GMT +5
Қарағанды облысында болған жол апатынан екі адам ажал құшып, төртеуі жапа шекті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Жезқазған-Сәтпаев» тас жолында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Жезқазған-Сәтпаев тас жолында «Фольксваген Гольф» және «Лада Гранта» көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам мерт болып, төртеуі жарақат алды», делінген хабарламада. Жол-көлік апаты фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалды.