Қарағанды облысында дағдарысқа қарсы қосымша шараларға 21 млрд теңге бөлінді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев өңірде қабылданған дағдарысқа қарсы қосымша шаралар бойынша селекторлық мәжіліс өткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Республикалық бюджетті нақтылау кезінде Қарағанды облысына дағдарысқа қарсы қосымша шаралар үшін 21, 1 млрд теңге бөлінді. Бұл сомадан 3,3 млрд теңге тұрғын үй құрылысын ынталандыруға, 4,9 млрд теңге - жергілікті бюджеттер шығынының орнын толтыруды қамтамасыз етуге және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды», - делінген хабарламада.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жеделдетуге 3,3 млрд теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында - 3,5 млрд теңге бөлінді. «Бизнестің жол картасы» бойынша индустриалдық инфрақұрылымдарды қаржылай қолдау және дамыту аспаптарын қосымша қаржыландыруға, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешендерінің субъектілері арқылы шығыстар бөлігінің орнын толтыру үшін 1 млрд теңгеден қарастырылды.

А. Дүйсебаев қосымша дағдарысқа қарсы шаралар аясында қаржыландырылған нысандар бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар