Қарағанды облысында діни әдебиетті заңсыз тарату фактілері анықталды
ҚАРАҒАНДЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында діни экстремизммен және терроризммен күрес жүйесі бойынша шаралар жүргізілді.
«Облыстық ІІД экстремизммен күрес басқармасының мәліметтері бойынша шара нәтижесінде діни әдебиетті заңсыз таратудың 18 фактісі анықталды. Тексеру жұмыстары базарлар мен дүкендерде жүргізілді», - делінген хабарламада.
Полициядан хабарланғандай, 238 кітап, 6 журнал, 41 парақша және 11 СD-дискі тәркіленді. Тәркіленген өнімдер бойынша сараптама белгіленді, соның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады.
«Діни әдебиетті заңсыз таратуға қатысы барлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 165 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл бапқа сәйкес ескерту жасалады немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - делінген хабарламада.