Қарағанды облысында екі жаңа балабақша ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында өткен жылы желтоқсан айының соңында 2 жаңа балабақша ашылды.
None
None

Бұл туралы облыстық білім басқармасынан хабарлады.

 «Қарағандыда мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша 320 орынға арналған «Бәйтерек» балабақшасы салынды. Шахтинск ауданындағы Новодолинка кентінде көп уақыт бойы бос тұрған «Аленка» балабақшасы қайта қалпына келтірілді», - деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.

 «Бәйтерек» балабақшасы салынып жатқан «Астана» шағынауданында бой көтерді. Оның құрылысына бюджет қаражатынан 541 млн. теңге бөлінді.

  Енді Новодолинка кентінде мектепалды дайындық мекемесіне қатысты мәселе толығымен шешілді деп атап өтті ведомстводан. Балабақша 240 орынға арналған, сондай-ақ оның бассейні бар.

 Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы балаларды мектепалды дайындық мекемесімен қамтамасыз етуде еліміз бойынша алда келеді. Қазіргі уақытта көрсеткіш 88 пайызды құрап отыр. 2013 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар