Қарағанды облысында елдің индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыруға дайындық жақсы жүріп жатыр - Өнеркәсіп комитетінің төрағасы

. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында елді 2010-2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың дайындық деңгейі жақсы жүріп жатыр.
None
None

Үкіметтік жедел топ мүшелерінің аймаққа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков осындай пікір айтты.

«Қарағанды облысында елді серпінді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға жақсы негіз қаланып отырғанына көз жеткіздік. Жобалар жеткілікті деңгейде жүзеге асырылуда, ілгерілеушілік бар. Жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен бұл жобалардың өз мерзімінде толық жүзеге асырылатынына сенім мол және Қарағанды облысының экономикасы жаңа өндірістің қуаттардың арқасында дамудың жаңа серпініне ие болады», деді Н.Әбдібеков өз сөзінде.

Облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша, Индустрияландыру картасына Қарағанды облысының атынан 16 жоба енгізілген, оның үшеуі - республикалық маңызға ие болса, 13-і - аймақтық деңгейдегі жобалар. Оларға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 58 миллиард теңгені құрайды. Жобалардың арқасында аймақта 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум