Қарағанды облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі алты жыл бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында алаяқтық жасағаны үшін Абай аудандық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі алты жыл бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді.

Қарағанды облысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі алты жыл бас бостандығынан айрылу жазасына кесілді

Бұл туралы Абай аудандық сотының хатшылығы хабарлады.

Абай аудандық соты полиция қызметкерін алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныды. «ЕБҚКБ жедел уәкілі қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, алдау арқылы есірткі заттарын сақтағаны үшін ұсталған азаматты қылмыстық жауапкершіліктен босатпақ болып одан 2000 АҚШ долларын сұраған. Ал ол кезде бұл азаматқа қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауынан тоқталған еді», - деп түсіндірді аудандық соттағылар.