18:41, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында халық санағы белсенді түрде жүргізілуде
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысында жүргізілген Ұлттық санақтың алғашқы күндердегі қорытындылары туралы бүгін өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Людмила Колесова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, халықтың белсенділігі жоғары. «Санаққа алғашқылардың бірі болып Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қатысты. Ол санақ парағындағы 45 сұрақтың барлығына бірдей түбегейлі жауап берді, ? деді Л.Колесова. ? Сонымен қатар санақшылар еңбек ардагері, Қарағандының құрметті азаматы Сұлтан Досмағамбетовты аса жылы шыраймен қарсы алды». Екі күн ішінде санақ бойынша жоспардың орындалуы 117 пайыз, деп қуаттайды статистика департаментінің бастығы.«Жұмыстың алғашқы екі күні санақ қызметкерлері өздерінің нормативтік жүктемелерін толықтай игере білгенін көрсетті. Біздер күн сайын деректерді ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне ұсынамыз. Мысалы, бүгін таңертеңгі сағат 11-де өткен күні санақ парақтарының 164 000 адамға толтырылғанын баяндадық», ? деді Л. Колесова.