Қарағанды облысында іздестіруде жүрген жазасын өтеуші ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде «Байқап көру» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды, бұл туралы республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысында іздестіруде жүрген жазасын өтеуші ұсталды

«Қоғамнан оқшауланбай, жазасын өтеп жүрген 27 мыңнан астам жазасын өтеушінің тұрғылықты жері, жұмысы, оқу орын тексерілді. ҚАЖ қызметкерлері 800-ден астам тәртіп пен шарт бұзушылықты анықтап, бостандығын шектеуді бостандықтан айыру түріне ауыстыру, байқап көруді ұзарту, шартты жазаны алып тастау үшін сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау үшін 373 материалды сотқа берді», - деп атап өтілген ҚАЖ комитетінің ақпаратында.

Шараның басты мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеп жатқан адамдардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу.

«Іздестіруде жүрген 5 жазасын өтеуші ұсталып, тұрғылықты орны анықталды. Мысалы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Жайрем кентінде байқап көру қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, өткен жылдан бері іздестіруде жүрген сотталушыны (бөтен мүлікті қасақана жойғаны үшін үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу) ұстады», - деп қосты комитеттің баспасөз қызметінен.