Қарағанды облысында кадрлық тағайындаулар орын алды
ҚАРАҒАНДЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының екі департаментінде кадрлар тағайындаулар болып өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен Асқар Нұрпейісов Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды. ҚР Өңірлік даму министрлігінің бұйрығымен Нұрлан Толтай Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы болып тағайындалды», - деп айтылған хабарламада.
38 жастағы А. Нұрпейісовтің екі жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша инженер-экономист, заңгер. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызмет атқарады. Бұрын Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істеген.
51 жастағы Н. Толтайдың екі жоғары білімі бар, біліктілігі бойынша сәулетші, экономист. Батыс Қазақстан облысының, кейін Тараз қаласының бас сәулетшісі, Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары болған.