Қарағанды облысында «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жол ауа райының қолайсыздығынан әлі жабық тұр
ҚАРАҒАНДЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы мен көктайғақ жол салдарынан «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жол әлі ашылған жоқ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын, 2 ақпан күні сағат 18.50-де облыста ауа-райы жағдайларының нашарлығына байланысты барлық автокөлік жолдарында жүк көліктері мен жолаушылар тасымалы үшін жол жабылғандығы туралы хабарланған еді.
«3 ақпан күні таңертең «Қарағанды-Балқаш» бағытынан басқа қалған жолдардың барлығында көлік қозғалысына рұқсат берілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.