Қарағанды облысында қатаң режимдегі қамау колониясындағы тұтқындардың өз мүшелерін зақымдау фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Долинка кентінде орналасқан АК 159/7 мекемесіндегі адамдардың өз дене мүшелерін зақымдау фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйе комитетінің облыстық басқармасы хабарлады.
Бүгін таңертең қатаң бақылаудағы қамау абақтысында он екінші сотталушы шегемен қарындарын тіліп, өз мүшелерін зақымдау актісін жасады, дейді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасынан. Ведомствоның ақпараттарына сүйенсек, олар тәртіптің жұмсақтауын талап етуде.
«Олардың барлығына алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Қазір тұтқындалушылар абақтыдағы медициналық бөлімде жатыр. Денсаулықтарына зақым келтірген сотталушылардың жағдайы бірқалыпты», - дейді облыстық қылмыстық-атқару жүйе комитеті басқармасы.
Оқиғаға байлансты облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының басшылығы абақтыға аттанды.