Қарағанды облысында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан мұнай ұрлады деген күдіктілер ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан 30 тонна «қара алтын» ұрлады деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінен.
Полицияның ақпараты бойынша, әлгілер құбырға заңсыз қосылу жолымен мұнай ұрлаған. «Жеке күзет кәсіпорнының қызметкерлері «Құмкөл-Қарақойын» магистральдік мұнай құбырының 2,8 шақырымында мұнай ұрлаушылардың үстінен түскен. Оқиға орнында екі бензовоз көлігі және Қызылорда облысының үш тұрғыны ұсталды», - деп хабарлады департаменттен.
Бір күдікті қашып үлгерген. Оқиға орнынан «КамАЗ» көлігімен қашып кетпек болған екі азаматты ұстау кезінде полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған.
«20 рет оқ атылған, содан кейін барын автокөлік тоқтатылған. Құрбан болғандар мен зардап шегушілер жоқ. Келген шығын анықталуда», деп хабарлады департаменттен.