Қарағанды облысында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан мұнай ұрланған кезекті факті анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан мұнай ұрланған кезекті факті анықталды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шілденің 6-сы күні сағат 22 шамасында Ұлытау ауданы аумағында, Қызылорда қаласына бағытталған жолда, Жетіқоңыр ауылынан 150 шақырым жерде «Semser-Securiti» ЖШС шұғыл тобы «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан ұрланған мұнай тиеген үш «КамАЗ» машинасын ұстайды. Көлік цистернасында 89 тонна мұнай болған. Сондай-ақ «Тойота-Раннер» джип автокөлігі қолға түсті.

«Алдын ала болжам бойынша, ұсталған көліктің жүргізушілері - Қызылорда облысының тұрғындары. Қазіргі таңда олардың барлық жеке мәліметтері анықталып жатыр. Залал мөлшері де есептелуде. Қосымша тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы уақыт ішінде бұл - Қарағанды облысы аумағында «Құмкөл-Қарақойын» мұнай құбырынан мұнай ұрлау оқиғасының үшіншісі.

Соңғы жаңалықтар