18:44, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында мектеп бітіруші түлектердің 283-і «Алтын белгіге», 129-ы - үздік аттестатқа үміткер
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының 9 455 түлегі үшін соңғы қоңырау соғылды.
«Облыста 238 түлек «Алтын белгіге», 129 оқушы - үздік аттестатқа үміткер. Оларға енді өз білімдерін ҮБТ-да дәлелдеу қажет», - деп хабарлады облыстық блім басқармасы.
Ведомствоның ақпараты бойынша, ҰБТ-ға қатысуға он бірінші сынып бітірушілердің 80 пайызына жуығы өтініш білдірген (7 500 адамға жуық). Аймақта жоғары оқу орындары мен мектеп базасында ҰБТ өткізетін 14 нүктесі ұйымдастырылды, сынақты тапсыру маусымның 5-і, 7-сі және 9-ы күндері өтеді.