Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында мектеп директоры пара бергені үшін жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда пара бергені үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры жазаланды, аудандық сот оның мойнына жеті айлық еңбекақы мөлшерінде, яғни 563 800 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қарағанды облысында мектеп директоры пара бергені үшін жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды

Бұл туралы Қарағанды облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2010 жылдың маусым айында қаржы полициясына аудандық прокуратурадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры заңсыз қаражат алғаны туралы ақпарат келіп түседі. Тергеу амалдары барысында мектеп директоры қаржы полициясының қызметкеріне жағдайды реттеу үшін ақша ұсынады. 2010 жылы тамыз айында ол 1500 АҚШ долларын беріп жатқан жерінен қолға түседі», - делінген ведомствоның таратқан ақпаратында.

Сот балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директорын ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабы 2-тармағы бойынша айыпты деп танып, жеті айлық жалақы мөлшерінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады, деп аталып өтілген қаржы полициясы таратқан ақпаратта.