Қарағанды облысында «Мен және менің полицейім» акциясы басталды

ҚАРАҒАНДЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 10 желтоқсан күні Қарағанды облысында екі күнге созылатын «Мен және менің полицейім» акциясы басталды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Шараның мақсаты - балаларды, ал олар арқылы ересектерді полицияның жұмысымен, оларды қоғамдық орындар мен жолдарда өздерін ұстаудың негізгі ережелерімен таныстыру. Акцияның барысында әңгімелесулер мен 1-4 сынып оқушылары және мектепалды мекемелердің жоғары топтарының тәрбиеленушілері үшін «Полицей - дос және қорғаушы» тақырыптарына ойындар өткізіледі», - делінген хабарламада.

 Тәртіп сақшылары балаларды қоғамдық жерлерде, жолдарда, таныс емес адамдармен сөйлесу кезінде өздерін ұстаудың негізгі ережелеріне үйретеді. Бұдан басқа, мектеп оқушылары үшін полиция бөлімшелеріне экскурсиялар ұйымдастырылып,  полицейлердің жұмысымен таныстырылады.

Соңғы жаңалықтар