Қарағанды облысында «Нелегал» іс-шарасы жүргізіліп, 1 682 шетелдік және ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысында жүргізілген «Нелегал-2011» іс-шарасының барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 682 шетелдік және ҚР азаматтары жауапқа тартылды.

Қарағанды облысында «Нелегал» іс-шарасы жүргізіліп, 1 682 шетелдік және ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы бүгін облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Нелегал-2011» жедел-алдын алу шарасының тоғыз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 682 шетелдік және ҚР азаматтары жазаға тартылды. Соның ішінде 53 адам Қазақстанға заңсыз келгені үшін жауапқа тартылды», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полицияның хабарлауынша, алты адам заңнаманы бірнеше мәрте бұзғаны үшін әкімшілік түрде жазаланды.