Қарағанды облысында өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсуде
ҚАРАҒАНДЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінде жыл басынан бері 608399,5 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2009 жылғы тиісті кезең деңгейіне қарағанда 6,0%-ға жоғары, деп хабарлдайды облыстық статистика департаменті.
Өңдеу өнеркәсібі ішінде алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда металлургия өнеркәсібі мен кокс және мұнай өнімдерін өңдеу өндірісінде өсу қарқыны төмендеді.
Киім өндірісінде өнім шамалы өндірілді (нақты көлем индексі - 103,9%).
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 515,2 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 51,2%-ға жоғары.
Химия өнеркәсібінде 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 7134,1 млн. теңгеге өнім өндірді немесе 2009 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,7 есе жоғары, бұл моногидраттағы күкірт қышқылы өндірісі - 5,5%-ға, тазалағыш пасталары, өзге де тазалағыш құралдары және ұнтақтары 10,0 есе артуынан болды.
2009 жылдың 9 ай деңгейіне тамақ өнімдері өндірісі 1,7 есе өсті, бұл нан-тоқаш өнімдері өндірісінің 1,9 есе, сүт өнімдерінің - 1,8 есе, ұн-тарту өнеркәсібі өнімдерінің - 1,5 есе артуы есебінен болды.
Кокс және мұнай өнімдерін өңдеу 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3,2%-ға төмендеді.
Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндірісінде 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10657,0 млн. теңгеге өнім шығарып, өткен жыл деңгейіне 140,5%-ды құрады, бұл негізінен цемент және клинкер өндірісінің 33,9%-ға артуынан болды.
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 2010 жылғы 9 айда 1,4 есе артты, бұл пластмассадан жасалған құбыр және түтікше, қолғаптар және шлангілердің 32,5%-ға, үй тұрмысына пайдаланылатын пластмассадан жасалған заттардың 1,5 есе артуынан болды.
Металлургия өнеркәсібінде 498474,9 млн. теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде қара металлургия өнімдері және негізгі бағалы түрлі түсті металдар сәйкесінше 211722,2 және 286426,0 млн. теңгеге өндірілді. Тұтас қызмет түрі бойынша 2010 жылғы 9 айда нақты көлем индексі 2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 99,9%-ды құрады. Қара металлургияда өндіріс 0,4%-ға төмендеді, негізгі бағалы түрлі-түсті металл өндірісі 2,3%-ға артты.
2009 жылғы тиісті кезең деңгейіне қарағанда, жалпақ илек - 6,0%-ға, айырылған күміс - 22,1%-ға, айырылған алтын шығару 5,7%-ға қысқарды. Сонымен қатар, тазартылған мыс - 1,8%-ға, мыс сымы (3,5 есе), ақ қаңылтыр және қалайыланған жайма илек (3,2%-ға), мырышпен қапталған илек (2,6%-ға) өндірісі артты.