20:58, 24 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында полицейлер жоғалып кеткен екі жасар қыз баланы іздеуде
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында полицейлер Шахтинск қаласында жоғалған екі жастағы қызды іздедейді және халықты көмектесуге шақырады, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Шахтинск қаласының ІІБ 2008 жылы туылған Александра Цыбульконың қазір жүрген жерін анықтап жатыр. Оның анасының айтуынша, мамырдың 21-і күні кешке ол қызын тұрғылықты мекені жоқ әйелдің қарауына қалдырып кеткен, содан бері олардың қайда кеткендері белгісіз», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Полицейлер азаматтардан іздеу салынғандардың қазіргі жүрген жерін білетін болса, хабарласуларын сұрайды.