Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жыл басынан бері 250 келі есірткіні айналымнан шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жыл басынан бері айналымнан есірткінің 250 келісін алды, соның ішінде героиннің 16,5 келісі бар.

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері жыл басынан бері 250 келі есірткіні  айналымнан шығарды

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстар үшін 60 адам жауапкершілікке тартылды. 326 адам әкімшілік тәртіпте жазаланды», - делінеді хабарламада.

Полицияның мәліметтерінше, кейбір жағдайларда есірткі қылмыстарының айыптылары 17-18 жыл бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

«Сату мақсатынсыз аса ірі көлемдегі есірткілік заттарды заңсыз сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ірі көлемдегі есірткілік заттарды сату үшін - 6 жылдан 12 жылға дейін беріледі.

Контрабанда, яғни ел аумағына есірткіні заңсыз кіргізу үшін, оқу мекемелерінде және кәмелеттік жасқа жетпегендерге, арнайы ұйымдасқан қылмыстық топтарға есірткіні сату үшін, адам өліміне әкеліп соқтырған есірткіні қолдануға тартқан үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасынан өмір бойы түрмеде отыру жазасы қарастырылған», - деп еске салады полиция қызметінде.