Қарағанды облысында прокурор ауысты
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бас прокурордың өкімімен Мұрат Ахметов Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін жаңа прокурорды ұжымға Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель таныстырды. Мұрат Ахметов 41 жаста. Бұған дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет еткен. Бүгін облыстық қадағалау органының жаңа басшысымен Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин де кездесті.Облыстың бұрынғы прокуроры Әмірхан Аманбаев әзірге Бас прокурордың қарауында, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.