Қарағанды облысында сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында ұлттық компаниялармен және жүйеқұраушы кәсіпорындармен меморандум жасалды

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысының әкімдігінде бүгін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жүргізілетін қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша кеңес болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов, ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Қанатбек Сафинов, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.Кеңесте аймақ кәсіпорындары ұлттық компаниялармен, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатымен және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен келісім жасасты. Атап айтылғанындай, бұған жүргізілген үлкен даярлық жұмыстары алғышарт жасады. Өткен жылдың желтоқсанында облыс әкімінің басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылған болатын, олар аймақтағы ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің барлық номенклатурасына талдау жасаған еді. Екі ай бойы олардың басшыларымен келіссөздер жүргізілді. «Диалогтық алаңдар ұйымдастырылды, жергілікті тауар өндірушілердің ұсыныстары тыңғылықты зерделенді, ? деді кеңесте Нұрлан Нығматулин. ? Бұл өзінің нәтижесін берді».Облыс әкімінің айтуынша, облыста бүгінгі күні 146 млрд. теңгеге жуық сомаға жергілікті тауар өндірушілер ұлттық компанияларға және жүйеқұраушы кәсіпорындарға өнімдерді жеткізіп беру туралы ниет білдірілген 474 меморандумға және хаттамаларға қол қойды. «Бұл уағдаластықтар ? біздің өз кәсіпорындарымызды, жұмыс орындарымызды сақтаудың және осылайша Мемлекет басшысы талап еткен халықты еңбекпен қамтудың кепілі», ? деп атап айтты Н.Нығматулин.Бұл құжаттарға қол қойғандардың ішінде ? «Қазақстан теміржолы», «ҚазАтомӨнеркәсіп», «KEGOK», «Қазмұнайгаз», «Сарыарқа» ӘКК және «Қазпошта» компаниялары бар. «Қарағанды облысында жасасқан меморандумның сомасы айрықша әсерлі болды, ? деді вице-премьер С.Ахметов. ? Бұған ұлттық компаниялардың, жүйеқұраушы кәсіпорындардың және жергілікті тауар өндірушілердің мүдделерін тоғыстыру үшін жүргізілген үлкен жұмыстар алғышарт болды».С.Ахметов сонымен қатар, бүгін Қарағанды облысының бірқатар кәсіпорындарында болды. Ол Сарандағы «Қазақэлектрсымдарыорталығы» зауытының және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинаты прокатты сұрыптау цехының қызметімен танысты.
Соңғы жаңалықтар