Қарағанды облысында «Шахтер даңқы» иегерлерінің қатарына 14 адам қосылды (ФОТО)

«Қарағанды облысының тұрғындары үшін кеншілердің еңбегі құрметке ие, ал Шахтер күні - ерекше мереке. Өйткені өңірдің тарихы мен құрылуы Қарағанды көмір бассейнінің дамуымен байланысты», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кеншілердің мәдениет сарайындағы Шахтер күніне арналған салтанатты шарада.
Аймақ кеншілері индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысып келеді.
Мерекеде ведомстволық наградалар, облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Компания ақпаратынша, Шахтер күніне орай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті шахталарының және кәсіпорындарының 1,5 мыңнан астам қызметкері түрлі наградаларға ие болды.
Мерекелік концертте шахтерлер үшін жергілікті және қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Сонымен қатар, 80-ші жылдардағы белгілі неміс тобы «Шыңғысхан» (Dschinghis Khan) шақыртылды.
Шахтер күні Сәтбаев, Жезқазған және Балқашта да тойланып жатыр. Компанияның үздік қызметкерлері марапатталды. Қаза тапқан кеншілердің жанұялары мен қызметі салдарынан мүгедек болып қалған жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетіледі.
Шахтер күні дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде тойланады.