Қарағанды облысында спорт базаларын кеңейту және жақсарту бойынша қадамдар жасалуда - аймақ басшысы

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов спорт жұртшылығымен болған кездесуде аймақта спорт базаларын кеңейту және жақсарту бойынша қадамдар жасалып жатқанын атап өтті.
None
None

Кездесуде проблемалық, сондай-ақ облыстағы спортты дамыту мәселелері талқыланды.

«Біздерде бірде-бір жасөспірімнің, бірде-бір жастың спорт мекемелерінің назарынан тыс қалмайтынындай резервтер болуы тиіс. Өкінішке қарай, қолда бар базалар барлық балаларды толық қамтуға жеткіліксіз болып отыр», - деді С.Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде Нүркен Әбдіров атындағы спорт комбинатын республика меншігінен қала меншігіне қайтару мәселесі шешілуде және келесі жылы ол толық жөндеуден өткізіледі. Сонымен бірге, С.Ахметов Қарағандыда заманауи әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жүзу бассейнін салу қажеттігін айтты. Теміртауда тағы бір хоккей командасын құру жоспарлануда. Бұл мәселе және металлургтер қаласындағы мұз айдыны сарайын жөндеу облыс әкімідігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы арасында қол қойылатын меморандумға енгізіледі, деді аймақ басшысы.

С.Ахметов биылғы жылы облыста «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 441 млн. теңгеге үш спорт мектебінде - күрделі және 11 спорт мектебінде ағымдағы жөндеу жүргізілгенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар