Қарағанды облысында су басу қаупі бар аймақтарда рейд жүріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағамбет Бөлекпаев және Қарағанды облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Күлшімбаев Шет ауданының гидротехникалық құрылыстары мен су тасқыны қауіпті аймақтарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазір Шерубай-Нұра және Жаман-Сарысу өзендерінің арнасына ерекше назар аударылып отыр. Әкімдің өкілдері Қызылқой ауылындағы қорғаныс білігі, Таңатбай бөгетін қарап шықты, Ағадыр кентінің және сол жерде орналасқан теміржол вокзалының су тасқынына дайындығы тексерілді.

Шет ауданының ауылдық округтерінде инертті материалдар дайындалып, қар шығару жұмыстары ұйымдастырылып, 13 елді мекенде халықты хабарландыру жүйесі орнатылған. Су тасқынына дайындық аясында 22 елді мекенге рейд жүргізілді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев елді мекендерден қар шығару, су өткізу сақиналарын тазалау, Ағадыр кентінің теміржол вокзалы аумағын су басуының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді. Барлық іс-шараларды 20-шы наурызға дейін аяқтау тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында су басу қаупі бар елді мекендерге 115 рейд өткізіліп, тұрғындарға 12 670 жадынама табыс етілді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, сау басу қаупі бар аймақ тқрғындарымен 153 жиналыс өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстары әлі жалғасады.


Соңғы жаңалықтар