Қарағанды облысында «сүйіктісі» шұлықпен аузын жапқан ер адам көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының азаматшасы өзінің бірге тұратын «сүйіктісінің» аузын шұлықпен жауып, өлтірді.

Қарағанды облысында «сүйіктісі» шұлықпен аузын жапқан ер адам көз жұмды

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қайғылы оқиға 15 қыркүйек күні Жаңаарқа ауданында орын алды. 61 жастағы ер адамның мәйіті оның пәтерінде табылды. Сот-медициналық сараптаманың актісіне сәйкес, ол тыныс алу жолдарының жабылуынан тұншығып қалған. Полиция қызметкерлері 31 жастағы марқұмның «сүйіктісін» ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, ұрыс барысында көңілдесін сабырға шақырмақ болып, аузын шұлықтармен тығындағанын айтты», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша (Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.