Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында «Таза азық-түлік - дені сау халық» акциясы өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 17-18 тамыз күндері «Таза азық-түлік - дені сау халық» атты республикалық акциясы өтеді.

Қарағанды облысында «Таза азық-түлік - дені сау халық» акциясы өтеді

Бұл туралы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Бұл күндері азық-түлік базарларының келушілері мен саудагерлеріне санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары кеңес береді. Бұдан басқа, сатып алушылар алған өнімдерінің зертханалық бақылауын өткізе алады. Мысалы, балдың табиғи немесе жасанды екенін, сүт өнімдерінің қышқылдық деңгейін және қарбыздар мен қауындардағы нитраттың құрамын тексеруге болады.

«Өнімнің зертханалық зерттеулері тапсырыс берушілердің сұрауы бойынша хаттамаларды берумен тегін жүргізіледі», - делінеді хабарламада.

Акцияның мақсаты - сатылатын азық-түліктің қауіпсіздігін бақылау, деп атап өтті ұйымдастырушылар.