Қарағанды облысында техникалық күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті
АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында техникалық күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыздың 27-сінде сағат 15.25-те облыстың Ақтоғай ауданындағы Балқаш-Саяқ теміржол тармағында техникалық күкірт тиелген жабық типтегі алты вагон рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Наурыздың 28-і күні таңертең теміржолдың зақымданған учаскесі (400 метр) толық қалпына келтірілді. Ал наурыздың 29-ы күнгі сағат 19.30-дағы жағдай бойынша вагондарды рельске қою жөніндегі жұмыстар толық аяқталды.