Қарағанды облысында тікұшақ құлады, екі адам зардап шекті

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Қарағанды  облысында тікұшақ     апатқа ұшырады, 
None
None

деп     хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз   қызметіне  сілтеме  жасап.

Шілденің 12-сі күні сағат  12.00-де Қарағанды  мемлекеттік  ұлттық табиғи паркін   шолу   кезінде   «Қазагроавиа» мекемесіне  қарасты  «MD-600»  тікұшағы (АҚШ өндірісінікі)    жерге құлады.  Оқиға кезінде  тікұшақ салонында  төрт адам - екі  ұшқыш және  екі  орманшы болған.

 Апат  салдарынан  бір   ұшқыш  пен     бір орманшы  түрлі  жарақатпен   аруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар