Қарағанды облысында ҰБТ өткізілетін пункттер бейнекамералармен жабдықталды

«Қарағанды облысында ҰБТ 3, 5 және 7 маусым күндері өтеді. Тестілеу 5 пунктте өткізілмек, олардың 5-уі - жоғары оқу орындарында, қалғандары - жалпы білім беретін мектептерде. Биылғы жылы ҰБТ-ға 7 492 түлектің 5 242-сі немесе - 70 пайызы қатысады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары», - деп баяндады облыстық білім басқармасының бастығы Асхат Аймағамбетов.
Ол ҰБТ өткізетін пункттер бейнекамералармен жабдықталғанын атап өтті. Сонымен бірге, кейбір пункттерде күту залдарында тестілеу тапсыуды тікелей көрсету ұйымдастырылады.
Мәселені талқылауға жоғары оқу орындарының ректорлары - ҰБТ өткізу жөніндегі комиссиялардың төрағалары, сондай-ақ ҰБТ өткізуді ұйымдастыруға қатысатын аумақтық органдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ бірқатар аудандар мен қалалар әкімдерінің есептері тыңдалды.
«ҰБТ - жауапты іс-шара. Біздің балаларымыздың тағдыры ең алдымен, оны қалай өткізетінімізге байланысты. Оның жақсы өтуіне біздің бәріміз, барлық мүдделі құрылымдар жауапты. Сондықтан да барлық әкімдер және мемлекеттік құрылымдар ҰБТ-ны сапалы өткізуге мүдделі болуы тиіс», - деп түйді облыс әкімі.
Өңір басшысы ҰБТ-ны тиісті деңгейде ұйымдастыру мен өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.