Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында желікпе жүргізуші үш күнде 105 мың теңгелік айыппұл «жинады»

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық жол полициясының инспекторлары жылдамдық режимінің кәнігі бұзушысын ұстады.

Қарағанды облысында желікпе жүргізуші үш күнде 105 мың теңгелік айыппұл «жинады»

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылдамдық режимін анықтау және тіркеудің және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүрудің стационарлық жүйелері «Субару Импреза» көлігінің жүргізушісі тарапынан жылдамдық режимін жүйелі түрде бұзып жүргенін тіркеді.

Үш күннің ішінде, тамыздың 19-22 аралығында жылдамдық өлшеуіш құралдары 9 бұзушылықты тіркеді, айыппұлдардың жалпы сомасы 105 мыңнан астам теңгені құрады. Жол полициясының инспекторларына аталған көлікті ұстауға тапсырма берілді. 22 тамызда шамамен сағат 20:50-де «Субару Импреза» көлігі Қарағандының 45-ші орамы ауданында тоқтатылды. Көліктің жүргізушісі, Қарағандының 26 жасар тұрғыны 2011 жылдың 28 шілдесінде Қарағандының әкімшілік сотының өкімімен медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін көліктік құралдарды екі жылға жүргізу құқығынан айырылды.

Жүргізушіні ұстау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңның 1-бөлімінің 470-бабымен (көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгені үшін), 470 баптың 4 бөлімімен (көліктік құралдарды басқару құқығынан айырылған соң басқарғаны үшін), сондай-ақ 175-баптың 2 бөлімімен (көлікті сақтандыру полисінсіз жүргізгені үшін) үш хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.