Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Алматы-Екатеринбор» тасжолында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тауып, 4 жасар қыз бала зардап шекті.

Қарағанды облысында жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 2 адам қаза тапты

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 14 тамыз күні сағат кешкі 21 шамасында «Алматы-Екатеринбор» тасжолының 789-шы шақырымында, Шет ауданының Ақшатау кентінің ауданында орын алған.

«Тойота-Карина» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып, Семей қаласының 31 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «МАN» жүк көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Балқаш қаласының тұрғындары болып табылатын «Тойота-Каринаның» жүргізушісі мен оның 1951 жылғы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада. Бұдан басқа, 4 жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.