18:30, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қарағанды облысында жергілікті полиция бастығы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы болып, полиция полковнигі Жалғасбай Жақаев тағайындалды, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

51 жастағы Ж.Жақаев ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Учаскелік инспектор, тергеуші болып жұмыс істеді. Облыстың тергеу бөлімшелерінде басшы лауазымдарда қызмет атқарды. Осы тағайындауға дейін ол Сәтбаев қаласының ІІБ басқарды.
Муниципалдық полицейлердің негізгі міндеті - қоғамдық тәртіпті қорғау.