Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысында жоғалған бес жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында осыдан үш күн бұрын Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында жоғалып кеткен бес жасар баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатыр,

Қарағанды облысында жоғалған бес жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Мүслим Жарас Сарқытбайұлы атты баланың жоғалғандығы туралы ақпарат бейсенбі, шілденің 15-і күні сағат 9.30-да келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, шілденің 13-і күні бала әжесімен Төменбай қыстағынан Қарқаралы ауданы Бесоба ауылына еріп келген. Соңғы рет баланы сол күні сағат 14.00 шамасында көргендер бар», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жоғалған баланы іздестіруге арнайы мамандандырылған иттермен ТЖ қызметінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.