Қарағанды облысында жол апатынан жас жігіт қаза тапты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды-Абай тас жолында 22 жастағы жігіт көз жұмды. Оның көлігіне қарсы жолаққа шығып кеткен тағы бір жеңіл көлік соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат кеше сағат 17.00 шамасында Қарағанды – Абай тас жолында орын алды. Жол полициясының қызметкерлері жол-көлік оқиғасыц «Тойота» көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткендіктен болған деп болжайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Тойота» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ауди» автокөлігімен соқтығысқан», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында 22 жастағы «Ауди» жүргізушісі көз жұмды. Полицияда жол-көлік оқиғасы тіркеліп, тергеу басталды.
Полицейлер ұзақ жолға шығатын жүргізушілерге жолда тоқтап, демалу керектігін ескертеді. Өйткені, сіз өз өміріңіз үшін ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі үшін де жауап бересіз.