Қарағанды облысында жол полицейлері жұмысты күшейткен үш күннің ішінде жол-көлік ережелерінің 1300-ден астам бұзушылығын анықтады
ҚАРАҒАНДЫ. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жұмыстың күшейтілген режіміне ауысқан жол полицейлері үш күннің ішінде жол-көлік ережелерінің 1300-ден астам бұзушылығын анықтады.
Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Облыс аумағындағы апаттылықты төмендету мақсатында ІІД-нің басшылығы жол қозғалысы ережелерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты күшейту шешімін қабылдады. Қала сыртындағы тас жолдар мен ірі қалалардағы жол полицейлері жасақтары көбейтілді», - деп атап өтілген хабарламада.
Полиция ақпаратынша, жұмыстың күшейтілген режімінің үш күнінде 57 мас жүргізуші ұсталды, 427 жүргізуші - белгіленген жылдамдықты асырғаны, 29-ы қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік сотының шешімімен үш жүргізуші 10 тәулік мерзімге қамауға алынды. Бұзушылық жасағаны үшін 52 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 60-тан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп қосып өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
ЖПБ-ның мәліметтерінше, жыл басынан бері Қарағанды облысында жол-көлік ережелерінің 105 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, алды алынды. Мас күйінде көлік басқарған 2600 жүргізуші ұсталды.