Қарағанды облысында жолда сынған автобустан 28 адам құтқарылды
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы, «Алматы-Екатеринбор» тас жолында,
ГАИ бекетіне жақын жерде «Шымкент-Астана» бағыты бойынша бет алған «Сетра» автобусы сынды.
Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен 28 адам құтқарылып, жақын маңдағы қонақ үйге жеткізілді.