Қарағанды облысында жыл басынан бері 165 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау 4 адамның өмірін қиған

ҚАРАҒАНДЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жыл басынан бері Қарағанды облысының құтқарушылары дабыл қағылған 200 жерге барса, оның ішіндегі 165 оқиға өртке қатысты болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 165 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау 4 адамның өмірін қиған

Жаңа жылдық мерекелер кезінде төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлімшелері қызмет кестесін күшейтіп жұмыс істеді, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Осы жылдың алғашқы он күнінінде құтқарушылар дабыл бойынша 207 рет көмекке барса, оның ішіндегі 165 оқиға өртке қатысты болды. Қолға алынған шаралар кезінде құтқарушылар 201 адамның өмірін ажалдан арашалаған, оның ішінде 178 адам жолда қалып, зардап шексе, 18 адам жалын арасынан құтқарылған. Тілсіз жау 4 адамның өмірін қиған, 10 адам жарақат алып, 94 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалға, 10 қаңтар күні түнде Сәтбаев қаласындағы 8 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты, үш адам жарақат алған.