Қарағанды облысында жылу беру маусымы қалыпты жағдайда өтуде - облыс әкімдігі
ҚАРАҒАНДЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жалпы нормадан ауытқыған қысқа қарамастан жылу беру маусымы қалыпты жағдайда өтуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Қыстың қатты суық болғанына, өткен жылдың желтоқсанындағы төменгі температураларға қарамастан, Қарағанды облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің жылу, электр және сумен қамтамасыз етілуі қалыпты жағдайда. Барлық 8 электр стансалары мен жергілікті қазандықтардағы параметрлер температуралық кестеге сәйкес келеді», - делінеді хабарламада.
Аймақ билігінің ақпаратынша, 57 қазандық пен 622 автономдық жылыту жүйесі, ЖЭС-да 43 қазандық пен 31 турбина жұмыс істеуде, қорда 11 қазандық, 2 турбина бар.