Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектері 50 білім грантына ие болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев бүгін балалар үйінің тәлімгерлерімен кездесті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

«Ел Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 21 ғасырда дамыған мемлекет - бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар екенін айтқан болатын. Сіздерге, жас ұрпаққа Мемлекет басшысының Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу міндеті артылады», - деді облыс әкімі. Ол аймақта балалар үйі тәлімгерлерінің сапалы білім алуы мен мамандық игеруі үшін тиісті жағдайлар жасалатынын атап өтті. Б.Әбдішев өткен жылы олардың өңірдегі ЖОО мен колледждерде оқуға алғаш рет облыс әкімінің 50 гранты тағайындалғанын еске салды. Сонымен бірге, 19 түлек «Бөбек» қорының грантына қол жеткізді. «Биыл да 50 грант бөлу мәселесі қаралуда», - деді аймақ басшысы. Облыста Жастар бастамасы орталығының маңынан балалар үйі түлектерінің бейімделу қызметі ашылды. Билік өкілдерінің ақпаратынша, 2011-2013 жылдары балалар үйінің 325 түлегі баспанамен қамтылды. 2016 жылға дейін тағы 510-ына пәтер беру көзделген. «Таң Шолпан» балалар үйінің түлегі Руслан Ахамбаев өз жетістіктерімен бөлісті. Ол Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін қызыл дипломмен аяқтаған. Бірнеше ғылыми мақаланың авторы, «Шнайдер электрик» француз компаниясының стипендиаты және ЖОО ректоры стипендиясының иегері. «Руслан, сен барлық жастарға үлгісің. Сені туған жерде күтіп отырмыз. Өз мамандығың бойынша болсын, м емлекеттік қызметте болсын, саған жұмыс дайын», - деді облыс әкімі.

Кездесуге қатысушылардың барлығына сыйға планшет берілді. Кездесуге 9 және 11 сынып түлектері, 2013 жылғы облыс әкімі гранттарының иегерлері шақырылды. Сонымен қатар облыстық басқарма жетекшілері, балалар үйлерінің диреторлары, ЖОО ректорлары қатысты. Балалар үйінің 7-10 сынып оқушылары да онлайн режимде байланысқа шықты.

Соңғы жаңалықтар