Қарағанды облысындағы Балқаш көлінде суға кеткен балықшы іздестірілуде

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кеткен азаматтың денесі іздестірілуде,
None
None

деп хабарлады дүйсенбі күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, «Фольксваген» көлігіне мінген 39 және 42 жастағы екі балықшы кеше, қаңтардың 10-ы күні сағат 11,00-лерде көлікпен бірге суға батып кеткен. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балықшылардың бірінің денесі табылды, екіншісі судағы құтқару қызметінің күшімен іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар