Қарағанды облысындағы Ғ.Мұстафин атындағы кентте көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 жаңа үй тапсырылды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 28 тамызда Қарағанды облысындағы Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы кентінде көктемгі су тасқыны кезінде үйлері бұзылған жүз отбасы жаңа баспана алды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтады.

«Бұл оқиға Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне, оның 20 жылдығына кездейсоқ орайластырылған жоқ. Біздің еліміздің Негізгі заңы азаматтардың баспанаға құқығын кепіл етіп отыр және бұл абаттандырылған үйлер - осы құқықтың нақты іске асырылуының көрінісі», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімі үйлерді қарап шықпас бұрын аймақтағы жалпы жағдаймен танысып өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев жалпы алғанда облыс бойынша тасқын салдарынан 2107 отбасы зардап шеккенін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде тек 163 отбасыға үй салу керек.

«Облыстағы тасқыннан зардап шеккен 12 ауданның жетеуінде зардап салдарын жою жұмыстары толық аяқталған. Бұдан басқа, Бұқар жырау ауданында 100 үй кестеден ерте тапсырылды. Жалпы алғанда облыс бойынша 75 мердігер ұйым жұмыс істеп отыр», - деп атап өтті А.Дүйсебаев.

Қыркүйек айының басында барлық үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланған.

Сол күні кентте «Мектепке жол» акциясы өтті. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан, сондай-ақ тасқын салдарынан зардап шеккен отбасылардан шыққан 50 оқушы жалпы сомасы шамамен 900 мың теңгеге оқулықтар мен басқа да мектеп құралдарын алды.

Соңғы жаңалықтар