Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Депутаттық корпустың келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Ерік Жиенбеков Саран қаласының әкімі болып тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин қаланың жаңа әкімінің кандидатурасын бүгін Саран қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ұсынды. Депутаттар оны бірауыздан қолдады. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол Қарағанды облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.Н. Нығматулин Саранның бұрынғы әкімі Мейрас Смағұловтың басқа жұмысқа ауысуына ? облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалуына байланысты босатылғанын айтты.
Соңғы жаңалықтар