Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының әкімі тағайындалды

«Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Сәтбаев қаласының әкімі қызметіне А. Ыдырысов тағайындалды», - делінген хабарламада.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі Батырлан Ахметов басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
А. Ыдырысов 1975 жылы дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдады. Мамандықтары - инженер-электрмеханик, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс жасап келеді. Орталық мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі бар.
2012 жылдың қазан айынан бастап А. Ыдырысов Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болған.