Қарағанды облысындағы үшжақты жол апаты 3 адамның өмірін қиып кетті, оның біреуі - 6 жасар бала

ҚАРАҒАНДЫ. 23 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Қарағанды-Балқаш» автожолында үшжақты жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам мерт болды, олардың біреуі - 6 жасар бала.

Қарағанды облысындағы үшжақты жол апаты 3 адамның өмірін қиып кетті, оның біреуі - 6 жасар бала

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Полиция мәліметі бойынша, 22 маусым күні сағат 14:00 кезінде Шет ауданындағы «Қарағанды-Балқаш» автожолында, Ақсу-Аюлы ауылынан 23 шақырым жерде 3 көлік соқтығысқан.

 «Алматы қаласының тұрғыны, «Фредлайнер» автокөлігінің  жүргізушісі 52 жастағы ер адам арақашықтықты бағамдай алмай, алдында кетіп бара жатқан 46 жастағы Шет ауданы тұрғынының иелігіндегі «УАЗ-452» маркалы көлікті артынан соққан. Нәтижесінде «УАЗ» қарсы бағыт жолағына шығып кетіп, Алматы облысының 45 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Скания» көлігіне соқтығысады. ЖКО салдарынан «УАЗ»-дың жүргізушісі және онда отырған 40 жастағы ер адам мен 6 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды» - деп хабарлайды облыстық ІІД.

 ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Фредлайнер» көлігінің жүргізушісі уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр» - делінген хабарламада.