Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысының әкімдігі Астана маңында жол апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады

ҚАРАҒАНДЫ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігі Ақмола облысының тасжолында жол апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады.

Қарағанды облысының әкімдігі Астана маңында жол апаты салдарынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады

Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Қарағанды облысының әкімдігі 19 тамызда Ақмола облысындағы Бабатай ауылының аумағында, «Алматы-Екатеринбор» тас жолында қаза тапқан қарағандылықтардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Қаза тапқан қарағандылықтардың нақты саны әзірше белгісіз. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза тапқандардың туыстарынан билік көздеріне қандай да бір көмек сұраған өтініштер келіп түскен жоқ.