Қарағанды облысының әкімдігінде кәсіпкерлердің мәселелері талқыланды
Бизнесмендер атқарушы билік органдары шешімін табуға көмектесе алатын өзекті мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында талқыланған ең басты проблемалардың бірі ауылшаруашылық кооперативтердің коммуникацияларға қосылуы мүмкін болмай тұрғаны болды. Заң бойынша бұл мүмкіндікті жергілікті атқару билік органдары жасауы тиіс, алайда осы уақытқа дейін электр қуатымен және кәрізбен барлық кооперативтер қамтамасыз етілмеген.
Дәлірек айтар болсақ, Шет ауданында 11 ауылшаруашылық кооперативтерінің 4-де желілерге қосылуға қатысты проблемалары бар.
Бұл мәселе жергілікті әкімнің бақылауында. Ал Нұра ауданында әкім Ниқанбай Омархановтың айтуынша, бұл мәселе шешімін тапқан.
Сонымен қатар жиналыста кәсіпкерлер жер аукциондарының мерзімділігі тақырыбын қозғады. Серіктес қалалар мен ауылдық аудандарда жер телімін тек саудаға қатысып қана алуға болады, алайда сауда өткізілмейді. Бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлер әсіресе Шахтинск басшылығына реніштерін білдірді. Онда 2017 жылы бірде бір сауда жүргізілмеген екен.
- Біз жер телімдерін бермеуіміздің себебі - аукциондар өткізуге қаражат қарастырылмаған. Биылғы жылы 27 жер бөліктерін саудалаймыз деп жоспарлап отырмыз, бұл мақсатқа 5 миллион теңге қарастырылды, - деп мәлім етті Шахтинск әкімі Сержан Аймақов.
Жағдайды жақсарту үшін кәсіпкерлер іс жүзіндегі бос жер телімдерінің электрондық картасын жетілдіруді ұсынды. Олардың пікірінше, мәліметтерді уақтылы жаңартып отыру керек, сондай-ақ тізімге деректерді толығырақ қосу қажет. Бұл жағдайда әлеуетті сатып алушыда алдын ала жер телімінің сипаттамасымен танысып алуға мүмкіндігі болады.
Ерлан Қошанов қала және аудан әкімдеріне жиналыс барысында ортаға салынған осы және басқа да мәселелерді шешу жолдарын табуды және оларды жақын уақытта көрсетуді тапсырды.