Қарағанды облысының әкімі белсенді жастарға «Қайнар» сыйлығын табыс етті

ҚАРАҒАНДЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов жас белсенділерге «Қайнар» сыйлығын табыс етті.

Қарағанды облысының әкімі белсенді жастарға «Қайнар» сыйлығын табыс етті

Бұл туралы жастар саясаты жөніндегі облыстық басқармадан хабарлады.

«Жастар ісі жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысында жастарды жұмысқа орналастыру, жастар бастамаларының өңірлік орталықтарын құру туралы мәселелер қаралды. Кеңес соңында жастар өкілдерінің ең белсенділеріне облыс әкімінің «Қайнар» сыйлығы табыс етілді», - делінген хабарламада.

Бұл сыйлық жыл сайынғы және жастар арасында мойындалған олардың ғылыми, шығармашылық, кәсіби әрі қоғамдық қызметтері үшін беріледі.

Сыйлықтың мөлшері - 150 мың теңге. Байқаудың нәтижесі бойынша 14 аталым бойынша жүлдегерлер таңдалды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Қайнар» сыйлығы жастардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және өз-өзін жетілдіруге септігін тигізеді.