Қарағанды облысының әкімі «Білімал» жүйесін сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бастап Қарағанды облысының барлық білім беру мекемелерінде «Білімал» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілген болатын. Бұл жүйе білім беруді ақпараттандыру, ұйымдастыру-басқару және нормативті деректер базасын құру мақсатында құрылған. Алайда, аталған жүйе бүгінде дұрыс жұмыс істемей, рейтингі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл туралы Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.
None
None

Бүгінгі күні «Білімал» жобасы облыстағы 79 мектептің 5 мыңнан аса ұстаздары мен 51 мың оқушылары жайында толық ақпаратты қамтитын электронды дерек қорын құруға жағдай туғызып отыр. «Білімал» жүйесінде есептерді тапсыру мен өңдеу жылына орташа есеппен 50 мыңдай сағат үнемдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні электрондық базада қаланың 90 мыңдай кәмелетке толмаған балалары жайлы ақпараттар мен мыңнан аса есептер сақталған.

«Қарағанды облысы республикада бірінші болып мектептерде осы «Білімал» автоматтандырылған жүйені енгізгенін баса айтуымыз қажет», - деп бастады сөзін облыс әкімі Н.Әбдібеков.

Одан әрі әкім: ««Білімал» бұл - инновациялық білім беру жобасы ғана емес, оқу үдерісін және статистиканы толық автоматтандыруды көздейді. Мен, осы кеңеске қатыспас бұрын, "Білімал.kz" ақпараттық порталына кіріп, жобамен арнайы танысып шықтым. Әлі де қосып-жетілдіретін жұмыстар бар. Рейтинг бойынша өте төмен деңгейде тұр, дұрыс жұмыс істемейді. Соған көп көңіл бөлу керек. Жобаның жүзеге асқанына 4 жыл болады. Ал күнделікті қолданушы саны бүгінде 100-ге де жетпей отыр. Жалпы, бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану керек. Әдемі сөзді қойып, осы «Білімал» жүйесін толық жүзеге асыру қажет. Бұл тек білім бөлімінің шаруасы ғана емес, қала және аудан әкімдері де үнемі назарда ұстауы тиіс. «Білімал» жүйесін жетілдіру бойынша іс-шараларды күшейтіп, осы мәселені тез арада шешуді тапсырамын», - деп тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар